Жамбылдық полицейлер құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты тапты

Сурет: ҚР ІІМ
Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауылының 54 жастағы тұрғынының жеке тұрғын үйінің қосалқы ғимаратында құрамында бағалы металдар бар шикізатты заңсыз өңдейтін шағын цехты анықтады.

Тексеру барысында қуат көзіне қосылған 3 қолдан жасалған ұсақтағыш, сондай-ақ жалпы салмағы 1 тоннаға жуық әртүрлі тастар табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 295-1-бабының 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сараптама тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін