Қазақстанның жаңа Су кодексі қандай болмақ

Сурет: Zakon.kz
Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы Нұржан Нұржігітов Қазақстанның жаңа Су кодексін әзерлеу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұржан Нұржігітов министрлік қазіргі мәселелер мен жаңа міндеттерді ескере отырып, Су кодексінің жаңа редакциясын әзірлеп жатқанын атап өтті.

"Бастапқы кезеңде біз ұлттық заңнама және су ресурстары саласындағы халықаралық (Аустралия, Германия, Израиль, Канада, Өзбекстан) тәжірибені зерттедік, қолданыстағы су заңнамасының осал тұстарын анықтау үшін бассейндік инспекцияларға жұмыс сапарларын ұйымдастырдық". Нұржан Нұржігітов

Құжат жобасындағы жаңа бағыттардың ішінде:

Жаңа Су кодексі аясында:

"Осы түзетулер мен жаңашылдықтың бәрін біз мүдделі мемлекеттік органдармен, сала сарапшыларымен, ұйымдармен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, пысықтап жатырмыз. Жаңа Су кодексінің жобасы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ министрліктің құрылымына қатысты су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бассейндік инспекциялардың штаттық деңгейін арттыру жұмыстары басталды". Нұржан Нұржігітов

Сондай-ақ, оның айтуынша, министрлік қолданыстағы 15 су қоймасын реконструкциялауды, 20 жаңа су қоймасын салуды, кемінде 3,5 мың шақырым каналдарды жаңғыртуды және цифрландыруды жоспарлап отыр.

4 қыркүйекте Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады