Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрлігі электр энергиясына бұрын бекітілген шекті тарифтерге өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі:

Жалпы тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кіреді. Бұл ретте тарифтер тек 16 топта ғана өзгеріссіз қалады. Ұсынылған тарифтер де 2024 және 2025 жылдарға есептелген.

Энергетика министрлігінде түсіндіргендей, тарифтерді түзету энергия өндіруші тәуелсіз ұйымдардың электр энергиясын өндіруге жұмсалатын негізгі шығындарын, атап айтқанда, отын, еңбекақы және шикізат құнын арттырумен байланысты.

Орташа алғанда отын құрамдас бөлігінің, атап айтқанда тауарлық газдың құнының өсуі екі топ бойынша сәйкесінше 17,4% және 20,6% құрады.

Бұйрық 1 қарашада күшіне енеді деп күтілуде, бірақ тарифтер 2023 жылдың 1 қазанынан бастап өзгереді.

Құжат 31 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Мұнда басқа энергия өндіруші компаниялардың тарифтерінің қалай өзгеретінін көруге болады.

Қазақстанда электр қуатының дайындығын қолдау тарифі өсетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Ал Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов жыл сайын өсіп келе жатқан негізгі генераторлық базалық станциялардың тозуына байланысты электр энергиясының тарифтері өзгеретінін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс