Қазақстанда жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісікке шалдығады

Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Өкінішке қарай, 13 мың адам қауіпті індеттен көз жұмады.

Бұл жағдайды жақсарту үшін Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылмақ. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Премьер-министр бүгін қатерлі ісікті емдеуге арналған заманауи орталықтың жұмысымен танысты, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңа мекеме Орталық Азияда бірінші болып протон терапиясын жүргізе бастайды.

"Бұл протондық терапиямен әсіресе балаларды емдеген дұрыс болады. Себебі организмге зиян аз келеді. Және біз ми обырларын, бас обырларын, сүйек обырларын осы протондық терапиямен емдеуімізге болады. Жылына осы протондық орталық іске қосылғаннан кейін 800 адамды емдеп шығуға болады." Әділбек Мұқажанов, хирург-онколог, Медицина ғылымдарының кандидаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды