Жамбыл ауданында Республика күніне орай 2 спорт нысаны ел игілігіне берілді

Республика күні қарсаңында Жамбыл ауданындағы 2 елді мекенде спорт нысандары ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соның бірі – Аса ауылында кіші футбол алаңы. Осы күнге дейін Ғ.Мұратбаев көшесінің тұрғындары спортпен айналысу үшін теміржол торабынан өтіп, спорт кешендерінде жаттыққан. Нысын құрылысын "Energy kaz group" мекеме сапалы аяқтаған.

Тұрғындардың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова жұртшылықты Республика күнімен және жаңа нысанның салтанатты ашылуымен құттықтап, спорт саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сурет: Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Екінші нысан – Қаратау ауылындағы кіші футбол алаңы. Ауыл жастары көптен бері ауыл мектебінің спорт залын игілікке пайдаланып жүрген. Заманауи үлгіде, барлық қажеттілікпен қамтылған спорт алаңын "TOO Ronder" ЖШС жүргізген. Нысанның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков қатысты.

Сурет: Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, Жамбыл ауданында Республика күніне орай 6 елдімекенде әмбебап спорт кешендері, кіші футбол алаңы және балалар ойын алаңшасын ел игілігіне беру жоспарланған. Оның екеуі жоғарыда аталған ауылдарда болса, 20 қазан күні Тоғызтарау ауылында кіші футбол алаңы, 23 қазанда Гродекова ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені, балалар ойын алаңшасы, Қызылдихан ауылында кіші футбол алаңы, 24 қазанда Айшабибі ауылында әмбебап спорт кешенінің кермесі қиылады.

Сурет: Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы аудан тұрғындарына 1 стадион, 3 спорт кешені, 42 спорт зал, 20 үлкен футбол алаңы, 54 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңшасы, 20 волейбол алаңшасы, 12 стритворкаут, 4 әмбебап алаңшасы, ипподром, теннис корты қызмет көрсетеді.

Сурет: Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: