Демалыс күндері Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылғы 21-22 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс – көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 25 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты