Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
2023 жылы 21-23 қазан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" РМК мамандары өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елорда мен еліміздің ірі екі мегаполисінде жауын-шашын, қатты жел және +22°С дейін ыстық болады деп күтіледі.

Астана:

21 қазан - аспанда бұлт жүріп, түнде-жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Солтүстік батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: 0°С...+ 2С°, күндіз: +6°С...+ 8С°

22 қазан - күн райы құбылмалы, аспанды бұлт басады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: 0°С...+ 2С°, күндіз: +5°С...+ 7С°;

23 қазан - күн райы құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, түнде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +1°С...+ 3С°, күндіз: 0°С...+ 2С°.

Алматы:

21 қазан – күн ашық. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +8°С...+ 10С°, күндіз: +20°С...+ 22С°;

22 қазан - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +9°С...+ 11С°, күндіз: +20°С...+ 22С°;

23 қазан - күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +7°С...+ 9С°, күндіз: +13°С...+ 15С°.

Шымкент:

21 қазан - күн райы құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +10°С...+ 12С°, күндіз: +18°С...+ 20С°;

22 қазан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 20-23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8°С...+ 10С°, күндіз: +18°С...+ 20С°;

23 қазан - күн райы құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 20-23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +7°С...+ 9С°, күндіз: +11°С...+ 13С°.


Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз