Алматы қаласы: Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК Zakon.kz-ға Алматы қаласы бойынша жеті күнге арналған ауа райы болжамын алдын ала ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, қалада күн райы жылы болады, апта басында жаңбыр жауып, қатты жел тұруы ықтимал.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев 21-27 қазан аралығында оңтүстік астанада жауын-шашын болатынын, аптаның соңына қарай температура +14 градусқа дейін төмендейтінін айтады. 

21 қазан: күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +8°С...+10°С, күндіз: +20°С...+22°С.

22 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9°С...+11°С, күндіз: +20°С...+22°С.

23 қазан: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +7°С...+9°С, күндіз: +13°С...+15°С.

24 қазан: Аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +4°С...+6°С, күндіз: +13°С...+15°С.

25 қазан: аспан бұлтты, күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5°С...+7°С, күндіз: +15°С...+17°С.

26 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +7°С...+9°С, күндіз: +18°С...+20°С.

27 қазан: аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5°С...+7°С, күндіз: +12°С...+14°С

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікте республикалық маңызы бар қалалардағы ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз