Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Болжамға сәйкес, елорда мен еліміздің ірі екі мегаполисінде жауын-шашын, қатты жел және +22°С дейін ыстық болады деп күтіледі.
Астана:
21 қазан - аспанда бұлт жүріп, түнде-жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Солтүстік батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: 0°С...+ 2С°, күндіз: +6°С...+ 8С°
22 қазан - күн райы құбылмалы, аспанды бұлт басады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: 0°С...+ 2С°, күндіз: +5°С...+ 7С°;
23 қазан - күн райы құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, түнде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +1°С...+ 3С°, күндіз: 0°С...+ 2С°.
Алматы:
21 қазан – күн ашық. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +8°С...+ 10С°, күндіз: +20°С...+ 22С°;
22 қазан - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +9°С...+ 11С°, күндіз: +20°С...+ 22С°;
23 қазан - күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +7°С...+ 9С°, күндіз: +13°С...+ 15С°.
Шымкент:
21 қазан - күн райы құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +10°С...+ 12С°, күндіз: +18°С...+ 20С°;
22 қазан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 20-23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8°С...+ 10С°, күндіз: +18°С...+ 20С°;
23 қазан - күн райы құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 20-23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +7°С...+ 9С°, күндіз: +11°С...+ 13С°.