Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы және Шымкент қалалары: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 18:26 Сурет: unsplash
Синоптиктер 2023 жылдың 1-3 тамызы аралығындағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада:

1 тамызда көшпелі бұлт жүріп, күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Түнде ауа температурасы: + 15 + 17°С, күндіз: + 29 + 31°С;

2 тамыз - күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17 + 19°С, күндіз: + 32 + 34°С;

3 тамыз - күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +19+21°С, күндіз: +29+31°С.

Алматыда:

1 тамызда аспан бұлтты болып, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 20 + 22°С, күндіз: +34 + 36°С;

2-3 тамызда күн райы жауын-шашынсыз, аспанда көшпелі жүреді деп болжанады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +21 + 23°С, күндіз: +35 + 37°С.

Шымкентте:

1 тамыз - аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 22 + 24°С, күндіз: + 38 + 40°С;

2-3 тамызда көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +22+24°С, күндіз: +38+40°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: