Астана, Алматы және Шымкент қалалары: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астанада:
3 тамызда көшпелі бұлт жүріп, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстіктен соққан желдің екпіні - 7-12 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17... + 19°С, күндіз: + 30... + 32°С;
4 тамызда күн құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: + 16... + 18°С, күндіз + 28... + 30°С;
5 тамызда күн құбылмалы, көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +16... +18°С, күндіз: +26... +28°С.
Алматыда:
3 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: + 23... + 25°С, күндіз: + 35... + 37°С;
4 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: + 23... + 25°С, күндіз: + 35... + 37°С;
5 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +23... +25°С, күндіз: +36... +38°С.
Шымкентте:
3 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +22... + 24°С, күндіз: + 37... + 39°С;
4-5 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21... +23°С, күндіз: +37... +39°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.