Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 19 маусым, 20 маусым, 21 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 19:26 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19-21 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана

19 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз: +24...+26°C , түнде: +10...+12°C .

20 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы күндіз: +28...+30°C , түнде: +12...+14 °C.

21 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +31...+33°C , түнде: +17...+19°C .

Алматы

19 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +19...+21°C.

20 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз: +29...+31°C, түнде: +16...+18°C.

21 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз: + 31...+33°C, түнде: +18...+20°C.

Шымкент

19 маусым: аспан бұлтты, күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз: +34...+36°C, түнде: +20...+22°C.

20-21 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығысқа солтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні  - 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз: +35...+37°C, түнде: +21...+23°C.

Мұның алдында синоптиктер Қазақстан бойынша 2024 жылғы 19 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: