Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 3-5 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 21:42 Сурет: pixabay
Синоптиктер 3-5 сәуір аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана

3 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°C, күндіз: + 8...+10°C.

4 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°C, күндіз: +12...+14°C.

5 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+ 4°C, күндіз: +16...+18°C.

Алматы

3 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с, күндіз кей тұста - 10 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +14...+16°C.

4 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +13...+15°C.

5 сәуір: аспан бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +16...+18°C.

Шымкент

3 сәуір: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +15...+17°C.

4 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C, күндіз: +17...+19°C.

5 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13, күндіз кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +5...+ 7°C, күндіз: +17...+19°C.

Бұған дейін Астанада және еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: