Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы, Шымкент: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 18:52 Сурет: unsplash
Синоптиктер 2023 жылдың 7-9 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады. "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, бұл күндері ауа райы жауын-шашынды болып, қатты жел тұрады, тұман болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана:

7 наурызда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 17-22 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -1-3°C аяз, күндіз -2+4°C жылы;

8 наурыз - күн құбылмады әрі бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°C аяз;

9 наурызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз 1-3°C аяз.

Алматы:

7 наурызда күн құбылмалы, бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +18+20°C жылы;

8 наурыз - күн бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +18+20°C жылы;

9 наурыз - күн бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, түнде - 15 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +8+10 °C жылы.

Шымкент:

7 наурызда күн құбылмалы әрі бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 15-25 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°C, күндіз +25+27°C жылы;

8 наурыз - күн құбылмалы әрі бұлтты, арагідік жаңбыр жауады деп болжанады. Күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +13+15°C жылы;

9 наурыз - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +13+15°C жылы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: