Қазақстан бойынша Республика күні қарсаңында 5 мың Ту ілінеді

Сурет: amanatpartiasy.kz
Республика күні қарсаңында белсенділер ел аумағы бойынша 5 мыңнан астам Ту ілуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Акцияға жастар қанатының белсенділері ғана емес, қазақстандықтар да қатысып жатыр. Олар Туды үйіне, қоғамдық орындарға, көлігіне іліп жатыр.

Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатып қойған. Мәселен, аталған акцияға Астана тұрғыны Қазым Сәрсенбай да қосылды.

"Волонтерлерді қуана-қуана үйіме кіргізіп, балконға Ту іліп қоюға рұқсат бердім. Өз Отаныма деген сүйіспеншілігім мен мақтанышымды осылай білдіремін. Осы арқылы біз бірлігіміз мен ортақ тарихымызда әрқайсымыздың   маңызды екенімізді көрсетеміз", - деді ол.

"Менің Елім – Менің Туым" акциясына "Жастар Рухының" 500-ден астам белсендісі қатысып жатыр. Олар Еліміздің барлық өңірінде 5 мың Ту көтеруді жоспарлап отыр.

Сурет: amanatpartiasy.kz

Сурет: amanatpartiasy.kz

Сурет: amanatpartiasy.kz

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды