Полицейлер заңсыз қоян атқан тұрғынды ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Ембі қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 қазанда түнгі мезгілде Ембі – Алтынды трассасында Қостанай облысы тұрғынының басқаруындағы UAZ-3909 автокөлігін тоқтатты.

Автокөлікте 3 жолаушы болды. Көлік салонын қарау барысында атып алынған 4 қоян, 12, 20-калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 38 патрон, 2 резеңке қайық пен 10 метрлік тор табылып, тәркіленді.

Тәркіленген қарулардың автокөлікте болған Ембі қаласының 43 жастағы тұрғынына тиесілі екендігі анықталды. Оның қос қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болғанымен, аңшылыққа тиісті рұқсаты болмағаны белгілі болды.

Заңсыз аңшылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Автокөлік полиция бөлімшесінің аумағына тұраққа қойылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді