Астананың тәртіп сақшылары жүргізушілерге үндеу тастады

Сурет: Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Ауа райының бұзылуына байланысты Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте мұқият және сақ болу керектігін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолда күтпеген жағдайларды, апатты болдырмас үшін жылдамдық режимін, сондай-ақ көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды екені нақтыланады. 

Сондай-ақ, жазғы доңғалақтарды қысқысына уақытылы ауыстыру ұсынылады.

"Мүмкіндігінше қолайсыз ауа райы кезінде ұзақ жолға шықпауға кеңес беріледі. Қатты жел кезінде көлікті билбордтардың, басқа құрылымдар мен ағаштардың жанында қалдырмаңыз. Жолда абай болыңыз және барлық сақтық шараларын қолданыңыз!" делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада және еліміздің 13 облысында 24 қазанда дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды