"Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтеріне қатысты инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте бір жайт ерекше атап өтілді, және де компанияның бүкіл ұжымына бірден айта кетілгені: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді". Вадим Басин
Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысады.
"Қазір қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр. Жедел желі жұмыс істеуде: Қарағандыда (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 ("АрселорМиттал Теміртау") және Астанада – (8-7172) 70-41-08".
29 қазанда Қазақстанда Қарағанды кеншілерінің қазасына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні – 02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалды, іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.
Бастапқыда төрт адам қаза тапты деп хабарланғанымен, кейін құрбандар саны арта берді - кейінгі мәлімет бойынша 36 адамның мәйіті табылды, 10 кенші әлі іздестіріліп жатыр.