Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Сурет: freepik
29 қазан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кенші із-түссіз жоғалған.
"Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр".Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript