Алматыда субұрқақтарды консервациялау жұмыстары аяқталды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталды, мамандар күзгі-қысқы кезеңде құрылыстарды консервациялау бойынша жұмыс жүргізді.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы жұмыстар барысында субұрқақа нысандарындағы су ағызылды, тостағандар мен құбыр жүйелері тазартылды, тиісті жабдықтар шығарылды, оларды қыс мезгілінде келесі жұмысқа дайындау жоспарлануда. Субұрқақтар дәстүр бойынша мамыр айынан бастап жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы 24 субұрқақты реконструкциялау жобасын әзірлеуде.

"Біз қаланың коммуналдық меншігіндегі реконструкцияланатын субұрқақтардың тізімін жасадық. Бұлар- Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Цирк, Республика алаңы қарсысындағы қала әкімдігі, Жамбыл ескерткіші мен Медеу БСК жанындағы субұрқақатар.Қызмет көрсетумен "Eco Almaty" ЖШС айналысады. Жоба 2024 жылы жүзеге асырылады", - деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының жайлы қалалық орта бөлімінің басшысы Ернар Бөкешов.

Айта кетерлігі, 150 субұрқақ жұмыс істейді, оның 65 – і қала балансында, қалғандары-жекенікі. Ағымдағы жылы "Солтүстік" скверіндегі ҚБТУ ғимаратының артындағы субұрқақ қайта жаңартылды. Өткен жылы Оқушылар сарайының алдында "құрғақ" субұрқақ ашылды, сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін "Әуежай даңқы" саябағында "құрғақ" субұрқақ ашу жоспарлануда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек