Сарыағашта қызық үшін жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
Тәртіп сақшылары желіге мониторинг жүргізу барысында Сарыағаш ауданындағы орталық көшелердің бірінде басқа көліктерге апаттық жағдай туғызып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады.

Содан полицейлер бірден жүгенсіз жүргізушінің жеке басын анықтау жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзып, құқық бұзушылық жасаған автокөлік иесі табылды. ВАЗ-2107 көлігі айыптұраққа қойылды.

Ал 18 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы" және ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігімен "Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізуші теріс әрекетін қызық үшін, мақтанып жасағанын мойындап, істеген әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды