Астанада жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаған ер адам ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аккумулятор ұрлығымен айналысты деген күдікпен 30 жастағы ер адамды анықтады.

Астана тұрғыны бір түнде екі жүк көлігін тонап, төрт аккумуляторын алып кеткені белгілі болған. Ол, түнгі уақытта Игишева көшесіндегі салынып жатқан нысанның жанында құлыпты бұзып, қоймаға кіріп, SHACMAN автокөлігінің екі аккумуляторын шығарып, жалпы сомасы 176 мың теңге залал келтірген.

Сол түні ол Шалкөде көшесіндегі бір үйдің ауласына кіріп, тағыда КАМаз көлігінің BARS аккумуляторларын ұрлап кеткен. Бейнебақылау камералары арқылы полицейлер ер адамның жүрген жерін келе жатқан көліктің бағыты арқылы қадағалап, соңғысының орналасқан жерін жылдам анықтаған.

Осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін пробациялық бақылауға алынған азамат Астана қаласы ДП уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлерімен заттай айғақ алынып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі