Қазақстанда жұмыссыздарды тіркеу ережесі өзгерді

Сурет: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24 қазандағы бұйрығымен жұмыс іздеушілерді, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, жұмыссыздарды тіркеуді "Еңбек ұтқырлығы орталығы" жүргізетіні айтылды.

Бұрын оларды тіркеумен жергілікті жұмыспен қамту органдары айналысатын.

Жұмыс беруші бос жұмыс орындарының бар-жоғы туралы ақпаратты олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жағдайлары мен төлемақыны көрсете отырып, enbek.kz порталында мансап орталығына жібереді.

Бұрын жұмыс берушілер ақпаратты жазбаша түрде ғана бере алатын.

Еңбек ұтқырлығы орталығында тіркелген жұмыссыз адам жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жұмыс берушіге әңгімелесудің уақыты мен орны туралы мансап орталығы хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүгінеді.

Бұрын өтініш беру мерзімі бес жұмыс күні ішінде болатын.

Бұйрық 2023 жылғы 11 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Еңбек министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтардың 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты