Атырауда 148 500 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: freepik
Атырау облысында 148 500 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 40 гектары егістік, қалған бөлігі жайылымдық алқап.

Президент тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатына беріліп игерілмей отырған бос жерлерді қайтару жұмыстары қарқынды.

Жыл басталғалы 40-қа жуық жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 250 жер учаскесі анықталыпты. Бұл көрсеткіш апта сайын жаңартылып отырады дейді мамандар, деп жазады qazaqstan.tv.

Биыл Атырау облысы бойынша 210 000 га жерді мемлекет меншігіне өткізу жоспары тұр.

"Бұл қайтарылған азаматтардың реестрде тізімде тұратындығы және 3 жылға дейін қайтадан ауылшаруашылық жерін алуға мүмкіндігі болмайтынын түсіндіріп айттық. Сол түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде көптеген азаматтар өз еріктерімен қайтарып алдағы уақытта жерді қайтадан алатынын көздері жетіп, осылай жұмыстар атқарылуда." Гүлзия Құрманова, Жер ресурстарын басқару департаменті басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды