Жамбыл облысында 20 тонналық цистернасы газға лық толы КамАЗ көлігі бес сағат бойы өртенген

Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер тасжолда жанып жатқан жүк көлігін сөндіру үшін бес сағат жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанармай құю бекетіне жеткенде 20 тонналық цистернасы газға лық толы КамАЗ көлігінде от шыққан. Жүргізуші көлікті бірден бекеттен алысқа айдап, кабинадан шығып үлгерген.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға Тараздан 20 шақырым жердегі Сарыкемер ауылы маңында болған. 20 тонналық газ тасымалдайтын КамАЗ бекетке келгенде лапылдап жана бастаған.

Өрттің беті қатты болғаны сонша, қызыл жалын үш метрге дейін көтерілген. 33 өрт сөндіруші бес сағат бойы жүк көлігіне су шашқан. Сөйтіп цистернаны салқындатқан. Егер цистерна қызып кетсе, жарылуы мүмкін деп қауіптенген. 

"Өрт сөндірушілер сағат 20:49-да ауыздықтап, 21:34-те толық сөндірді .Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр".Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Карина Карташова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін