Ерлі-зайыптылар қазақстандықтарды 1,5 миллиард теңгеге алдап кетті

Сурет: Zakon.kz
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығы анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады