Қазақстан Палестинаға миллион доллар бөледі

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың жалғасып жатқанын еске салды. Ауғанстанда тұрақсыздық жалғасуда. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып барады.

"Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе балалар мен қарттар қақтығыстың құрбанына айналуда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Осыған байланысты Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдадым".Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттер арқылы шешуге мүлдем жол берілмейді.


"Қазақстан мұндай әдістерді үзілді-кесілді айыптайды. Жағдайдың шиеленісуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз кез келген жанжалды тек бейбіт келіссөздер мен дипломатиялық диалог арқылы шешуге шақырамыз. Біз үшін барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау және олардың ішкі істеріне араласпау басты басымдықтар болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз орындау және халықаралық құқықты сақтау маңызды" деді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңестері бас хатшыларының үшінші отырысын Астанада өткізуді ұсынған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды