25 млн теңгенің алтын бұйымын жымқырған қылмыстық топ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
1 қараша күні түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталықтарының біріндегі сауда орнынан аса ірі көлемде алтын бұйымдар ұрланған.

Зергерлік бұйымдардың жоғалғанын сатушы келесі күні таңертең білген. 29 жастағы кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 25 миллион теңгеге жуықтады.

Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбаларын зерделеу кезінде медициналық бетперде киген ер адамның сауда орнына жасырын кіріп, кілт салу арқылы шкафтан алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын "ізін суытпай" анықтады. Ол 25 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Күдіктінің түнгі уақытта сауда-ойын сауық орталығында адамдардың аздығын пайдаланып, өзінің 3 сыбайласымен бірлесе әрекет жасағаны анықталды.

Олар орталықтың ішінде бір-бірімен құлаққап арқылы байланысып отырған және осы қылмысты жасағаннан кейін БҚО Орал қаласына бой тасалаған. Күдіктілердің барлығы бұрын сотталған облыс тұрғындары екені анықталып, 2 қарашада олар криминалдық полиция қызметкерлерімен Орал қаласында ұсталды. Ұрланған алтындар тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен (Ұрлық) қозғалған қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін