Жаңаарқа ауданында көпбалалы отбасыларға арналған пәтер кілттері табысталуда

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Биыл Жаңаарқа ауданында алғаш рет ауылдық округтерде көпбалалы отбасыларға арналып тұрғын үйлер салына бастады.

Еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күніне орай ауданымызға қарасты Ақтүбек ауылында 4 көпбалалы отбасы баспанаға ие болды.

Ауылдың дәл ортасынан салынған 2 қос пәтерлі тұрғын үйдің кілтін аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин және аудан әкімінің орынбасары Алмаз Әбдіғожин табыстады. Жыл сайын көркейіп, гүлдене түскен ауданымыз үшін осы бір сәт даму мен жаңа белеске көтерілудің дәстүрлі жалғасы болып отыр.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінгі таңда көп балалы аналарға арналып аудан орталығында 8 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатса, ауданымызға қарасты 7 ауылдық округте 9 екі пәтерлі үй салынып, қолданысқа берілуге жақын. Оның ішінде Айнабұлақ, Орынбай, Бидайық ауылдарындағы үйлер осыған дейін табысталып үлгерсе, дәл бүгін Ақтүбек ауылындағы отбасылар қоныс тойын тойлады.

Бидайық және Орынбай ауылдық округтеріндегі тұрғын үйлерді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы төрт отбасына салтанатты жағдайда табыс етті.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар жыл сонына дейін Жаңаарқа кентінде, Жұмажанов, Қараағаш, Түгіскен ауылдық округтерінде қоныс тойлары тойланатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек