Шымкентте заңсыз діни дәріс берумен айналысқан келіншек жауапқа тартылды

Сурет: Zakon.kz
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Келіншек діни ілімі мен заңды лицензиясының жоқтығына қарамастан, мегаполистегі оқу орталықтарының бірінде араб тілі және құранды толық үйрету бойынша дәріс берумен айналысқан.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, азаматшамен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сот шешімімен заң бұзушыға 40 АЕК көлемінде, яғни 138 мың теңге айыппұл салынды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды