Астанада зейнеткерді алдап, телефонды қолды қылған күдікті анықталды

Сурет: Zakon.kz
Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын айтқан.

Аялдамада тұрған зейнеткерге бейтаныс жігіт келіп, телефонын "қоңырау шалуға бере тұрыңызшы" деп өтінген. Ардагер телефонының қуаты таусылып бара жатқандығын айтқан.

Алайда айлакер қазір сауда орталығына барып қуаттандырып аламын деп, телефонын біржола алып кеткен. Жәбірленуші телефонын алып келеді деген сеніммен оның жолын тосып, кейін алданғанын түсініп, полиция қызметіне хабарласқан.

42 жастағы қала тұрғыны ұялы телефонды алып қана қоймай, оған тіркелген банк карточкасын пайдаланып, 140 мың теңгеге сауда-саттық жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады.

Оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді