Көкшетауда электр желілері қалпына келтірілді

Сурет: pixabay
Ақмола облысында қатты желдің кесірінен үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды.

Өңірде өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрған. Салдарынан электр желілері үзіліп, бірқатар нысанға зақым келген.

Қазіргі таңда электр желілері қалпына келтіріліп, тұтынушылар толығымен жарыққа қосылды.

Өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр мен қатты желдің кесірінен Көкшетау қаласындағы қырық жеті тұрғын үй мен Красный-Яр елді мекенінде жүзден астам абонент электр энергиясыз қалған.

Көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшып, көшелердегі үш аялдама аударылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Көлік қозғалысы да қиындаған. Абырой болғанда жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Қазір өңірде дауыл басылған. Әзірге желден келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді