Шәкіртақыны көбейту, оқушыларды тегін тамақтандыру: Тоқаев президент болып сайланған бір жыл ішінде не өзгерді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік сайлауалды бағдарламасы іске асырыла бастаған бір жыл ішінде шәкіртақыларды көбейтуге, мектепте тегін тамақтандыруға, ауылдардағы денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz үкіметке сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасында аталған салаларды нығайтуға бағытталған биік мақсаттарды айқындап берді.

"Азаматтардың білім алуына, денсаулығы мен әл-ауқатына мемлекет тікелей жауапты. Әлеуметтік бюджетіміз өсіп келеді. Бұл – балабақша, мектеп, аурухана, мәдениет, спорт нысандарын салуға және жөндеуге, атаулы көмекке бөлінетін триллиондаған теңге. Қаражат сомасынан гөрі әрбір мұқтаж адамның арнаулы мемлекеттік қамқорлықты сезінуі маңыздырақ екенін естен шығармауымыз керек", – делінген Президенттің сайлауалды бағдарламасында.

Үкімет мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында қандай жұмыстар атқарылғанын тізбелеп берді.

Студенттер:

Оқушыларға:

Білім беру ұйымдарында балалардың тамақтану нормалары қайта қаралды: онда отандық өнімді пайдалануға, тағам сапасының мониторингін күшейтуге және саламатты тамақтануды насихаттауға баса назар аударылды.

Аталған жүйе шеңберінде балаға арнаулы шот ашуға болады, оған мемлекет 60 АЕК (5 жастағы балаларға) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын салады, онда ата-аналардың ерікті жарналары, 5%-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақтала бастайды.

Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімдері мен кеңсе тауарларын өз бетінше сатып алу үшін әр балаға кемінде 40 мың теңге алды. Барлығы 463 мың бала қамтылып, 19 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру басталды. 2026 жылға дейін 740 мың орындық 369 жаңа форматтағы мектеп салынады.

Жұмыс істеп тұрған мектептерді қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Оларда жыл сайын заманауи 1000 кабинет, яғни робототехника, химия, биология, физика және STEAM кабинеттері ашылады. 2029 жылға дейін осындай 7 мың кабинет ашылады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында жаңадан 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді. Республикада 300 мың орындық 2 483 мектепке дейінгі білім беру мекемесін, оның 81 мыңын 2023 жылы ашу жоспарланған.

Жыл басынан бері 53,9 мың орындық 525 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бүгінде 89,7%-ды құрайды. Жыл соңына дейін жаңадан тағы 27,1 мың орынды іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар биыл мектеп жасына дейінгі балаларды сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында:

Ғылым

Қолданбалы ғылымды, оның ішінде бизнестің ғылыми зерттеулерін бірлесіп қаржыландыру, ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ жыл сайынғы гранттар бөлу арқылы қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қолданбалы ғылымға 2024-2026 жылдарға 500 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Биылдың өзінде 16,9 млрд теңгеге коммерцияландыру бойынша 66 жоба іске асырылуда. 17,1 млрд теңгеге жаңа конкурс жарияланды.

Жалпы, ғылымның 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, 643 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар жас ғалымдарға қолдау көрсетілуде. Биылғы қазан айында 2024-2026 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобаларын гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңгеге конкурс жарияланды. Сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды.

Жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инженерлік орталықтарды, ғылыми-технологиялық парктерді құру және дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық инфрақұрылымды құруға қаржы бөлінді. 2023-2025 жылдары 2 ғылыми-технологиялық парк пен 2 инженерлік орталық құру жоспарланған:

Жоғары білімді интернационалдандыру шеңберінде Қазақстан-неміс университетімен бірге Yessenov University базасында инжиниринг институты ашылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Жасанды интеллект және информатика жоғарғы мектебі ашылды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ негізінде инженерлік-техникалық бағыттағы Лу Бан шеберханасы ашылуда. ҚазҰАЗУ базасында Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы ашылды. А. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылды.

Денсаулық сақтау саласы

13 заманауи перинаталдық орталық құру, онкологиялық орталықтарды салу және модернизациялау жобалары жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Астанада еліміздегі алғашқы заманауи жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған жаңа Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салынуда. Бүгінде жұмыстар 90%-ға орындалды: сәулелік және ядролық медицина орталықтары бар 210 төсек-орындық емдеу-диагностикалық корпус, протон терапия орталығы және т.б. Бұл Қазақстанға Орталық Азияда бірінші болып онкологиялық науқастарға протонды терапия жүргізуге мүмкіндік береді.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру шеңберінде өңірлерде жалпы саны 2,4 млн адамды қамтыған 500 мыңнан астам іс-шара мен тақырыптық дәріс өткізілді. Негізгі бағыттар – саламатты және рационалды тамақтануды насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, темекі өнімдері мен алкоголь тұтынуды азайту, психикалық және репродуктивті денсаулықты қорғау, жарақаттануды азайту.

Жастар денсаулық орталықтарының желісі кеңеюде. Бүгінде қалалар мен ауылдық жерлерде 138 орталық жұмыс істейді. 2023 жылдың 9 айында 620 мыңнан астам адам тиісті қызметтермен қамтылды.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы бекітілді. Бүгінгі таңда жоба шеңберінде 13 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің құрылысы аяқталды. Тағы 86 объектінің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 4 көпсалалы орталық аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қашықтан медициналық қызметті дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, елімізде бірнеше отандық цифрлық шешімдер енгізілуде:

Жалпы 2023 жылдың 9 айында халыққа телемедициналық консультацияларды қоса алғанда, 687 мыңнан астам қашықтан медициналық қызмет көрсетілді.

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: