Бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасын үйлестіруімен, Қазақстан, Украина және Ресей Федерациясының азаматтарынан құралған трансұлттық ұйымдасқан топты ұстады.

Олар ұзақ уақыт бойы республика аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымын жүзеге асырған. Бұл жөнінде департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов хабарлады.

Т. Рамазановтың айтуынша, қылмыстық топ Ақмола облысында орналасқан шахтадан құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Қолдан жасалған шикізат зергерлік бұйымдарды жасау үшін астыртын шеберханаларға жіберіліп, одан әрі әйгілі зергерлік үйлердің брендтерімен сатылған. Бұйымдар әуе және теміржол көлігі арқылы тасымалданған.

Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында кен өңдеуге арналған жабдықтар, алтын құймалар, 15 келіден астам зергерлік бұйым, биркалар мен сертификаттар, 19 тонна кен, 1,5 келі сынап, 20 келіден астам жарылғыш зат тәркіленді. Қылмыстық топ рөлдердің нақты бөлінуімен ерекшеленді: шахта құрылтайшылары, шикізат өндіруді ұйымдастырушылар, аффинажшылар, зергерлік шеберлер, сатуға және брендтеуге жауапты адамдар.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 295-1 және 264-баптары бойынша жүргізіліп жатыр. 17 адам күдікті деп танылып, оның 10-ы қамауға алынды, өзге адамдардың осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды