Астана, Алматы, Шымкент: 23-25 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 23-25 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

23 қараша - аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанады. Түнде және күндіз ауа температурасы: 0...+ 2°С.

24 қараша - аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, қатты жел болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: 0...+2°С.

25 қараша - аспан бұлтты, түнде қар жауады, қатты жел соғады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: -2...-4°С.

Алматы

23 қараша - бұлтты, жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, тұман. Солтүстік-батыс жел 2-7 м/с. ауа температурасы түнде және күндіз +5 + 7°С.

24 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +8...+10°С.

25 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +10...+12°С.

Шымкент

23 қараша - аспан бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+ 4°С, күндіз: +8...+10°С.

24 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +13...+15°С.

25 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +13...+15°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы