Алматыдағы аудандардың бірінде газ уақытша өшіріледі

Сурет: Zakon.kz
Алматы тұрғындарына 24 қарашада Түрксіб ауданында газдың уақытша тоқтатылатыны ескертілді. Бұл газ құбырын жоспарлы жөндеуге байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, жоспарлы жұмыс тұтынушыларға орташа қысымды Д-159 мм жерүсті газ құбырында газды үздіксіз әрі апатсыз беру үшін жүргізіледі.

Осыған байланысты, биыл 24 қарашада Земнухов – Шацкий – Тренев көшесі бойындағы жеке секторда орналасқан тұрғын үйлерде, сонымен қатар, №304/2 учаскесінің жанындағы Қайрат шағын ауданындағы үйлерге газ беру өшіріледі.

Биыл 28 қарашанда Тараз – Линия-7, 9, 10, 11 – Көрімдік – Бәйге көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлерге де газ беру тоқтатылады.

Осыған байланысты тұрғындардан "Интергаз Орталық Азия" АҚ МГҚ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін газ крандарын жабуды және іске қосу жұмыстары басталғанға дейін ашпауды сұраймыз.


"Мәжбүрлі қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз, бұл Алматы қаласының газ желілерін апатсыз пайдалану үшін жасалады." "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс