Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті шетелдік әйел ұсталды

Сурет: pixabay
Алматы облысында құрсақтағы баласын сатпақ болған 24 жастағы көрші республика азаматын полицейлер ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 қарашада Instagram желісінде Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлағандай, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында көрші мемлекеттің тумасын ұстады.

Аталған азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.


"Аталған дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде." Бауыржан Әленов

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды