Шымкент тұрғыны үшінші қабаттан баланы лақтырып жіберді

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте 23 қараша күні кешкісін әйел баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz берген мәліметтерге сай, бала көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.

Дәрігерлерге оқиғаның кешкі сағат 21:00 шамасында болғанын, туысы сәбиді терезеден лақтырып жібергенін куәгерлер айтты. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы әйел психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оқиғадан кейін әйел психикалық ауруханаға жеткізілді.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ПД-на хабарласты.

Денсаулық сақтау басқармасында Zakon.kz тілшісіне хабарлағандай, бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті шетелдік келіншек ұсталған болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі