Елордада жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйде қайта көлік тізгіндеген

Сурет: ҚР ІІМ
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында елордалық полицейлер бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйінде автокөлік құралын басқарудың кезекті фактісін анықтады.

Анықталғандай, түнгі уақытта Қосшығұлұлы көшесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Wolkswagen Golf автокөлігін тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің тиісті құжаттарын тексеру барысында аталған 29 жастағы азаматтан алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған. Тексеру барысында оның 2021 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталған.

Сонымен қатар, бұл жолы да ер адамның масаң күйде болғаны расталған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оның басқаруындағы автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Елордалық полиция қызметкерлері апаттылықты азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында көлік құралдарын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша тұрақты негізде тиісті жұмыс жүргізуді күн сайын жандандырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты