Алматының Наурызбай ауданындағы 89 көшеге жаңа жолдар салынады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында жалпы ұзындығы 45,3 км 89 көшеде жол салу жоспарланған.

Бүгінгі таңда 15 км жол салынды.Қалған 30 км көше инженерлік желілер құрылысы аяқталғаннан кейін асфальтталатын болады. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ӨКҚ-нің брифингінде айтты.

Оның мәліметінше, Наурызбай ауданында жалпы ұзындығы 298 км болатын 348 көше бар.


"Сонымен қатар, Шұғыла шағын ауданы бойынша ұзындығы 6,8 км 13 көшеде жол салу жоспарланған. Ағымдағы жылы ұзындығы 5 км 9 көше жасалды, қалған 4 көше 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Шұғыла, Рахат, Таусамалы, Қалқаман шағын аудандарында, жалпы ұзындығы 15 км 16 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Осыған ұқсас жұмыстарды жүргізу үшін 2024 жылы қалалық мобилділік басқармасына ұзындығы 40 км 38 көшені орташа жөндеуге өтінім жолданды", - деп атап өтті аудан әкімі.

Оның деректері бойынша 2023 жылдың басынан бері шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 170 көшеде 45 мың шаршы метр жол жөнделді. Техникалық тротуармен көлемі 8 мың шаршы метрден асатын 11 көше қамтамасыз етілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін