Солтүстік Қазақстанда 220 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сурет: pexels
Солтүстік Қазақстанда 220 мың гектар жер мемлекет меншілігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай, бос жатқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жер ресурстарын басқару департаментінің мамандары прокурорлармен бірлесіп, биыл өңірде 40-қа жуық тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде заңға қайшы 28 дерек анықталды. Жер кодексін бұзған шаруаларға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен жер телімдері бойынша тиісті материалдар жинақталып сотқа жіберілді.

"44 талап-арыз сотта қаралып жатыр. Себебі, жерді жалға алған азаматтар, оны өз еркімен қайтарғысы келмейді. Жыл соңына дейін біз 330 мың гектар жерді мемлекет иелігіне қайтарамыз деп жоспарлап отырмыз. Кейін бұл учаскелердің бір бөлігі ауыл тұрғындарына жайылымдық жер ретінде берілетін болады." Бақытжан Бекіш, облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі