Алматылық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіні құрықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні 04 сағат 15 минутта Алматының Алатау ауданында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.
""30 жастағы Р.есімді азамат, ВАЗ көлігін басқарып келе жатып, Жұмабаев пен Солтүстік айналма көшелерінің қиылысында 29 жастағы О.есімді азаматты қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Өкінішке қарай, жаяу жүргінші алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды. Іздеу бөлімінің қызметкерлері жаңа технологияларды қолдана отырып, қашып кеткен жүргізушіні анықтады. Ол қамауға алынды. ПД-нің тергеу басқармасында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады