Ведомствоның мәліметінше, есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен топтың 27 мүшесі ұсталды.
"Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 кг мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды. Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды." ҰҚК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында "дизайнерлік" деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды.
"Жалпы заңсыз айналымнан "синтетика" өндіруге арналған 150 кг-нан астам есірткі және 150 кг химиялық прекурсорлар тәркіленді." ҰҚК баспасөз қызметі
Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.