Атырау облысында газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды.

ҚР Бас прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде 2021 жылы жекеменшік компания Атырау облысында ұзындығы 200 метрден асатын газ құбырын төмендетілген бағамен және заңдылықты бұза отырып сатып алғаны анықталды. Атап айтқанда, "QazaqGaz" ҰК" АҚ ұлттық операторының газбен жабдықтау нысандарын сатып алуға басым құқығы туралы заң нормасы бұзылған.

Талқылау нәтижелері бойынша Комиссия газ құбырын беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті материалдарды сотқа жолдау туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта оны өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Премьер-Министр осыған ұқсас жағдай қалыптасқан басқа да бірқатар кәсіпорындарда тиісті жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін