Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

Сурет: Zakon.kz
Елордада ауа райының нашарлауына байланысты 5 желтоқсанда жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана - Что? Где? Когда?" Telegram-арнасының хабарлауынша, қала маңындағы барлық бағыттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Көктайғаққа байланысты келесі бағыттар уақытша жабылды:

Сондай-ақ, көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің жылдамдығы төмендейді. Автобус бағыттарында кідіріс орын алып, кей жерлерде қоғамдық көлікке қатынау қиынға соғады.

Сонымен қатар, елордадағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшуде.

Осыған дейін Астана қалалық полиция департаменті елорда тұрғындарына күтілетін қар жауып, көру мүмкіндігінің нашарлауына және көктайғаққа байланысты үндеу айтқан болатын.

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі