Назарбаев Университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма

Сурет: nu.edu.kz
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университеті ерекше мәртебесінен айырыла ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол университеттің мәртебесі "Назарбаев Университетінің, НЗМ және Қордың мәртебесі туралы" жеке заңда нақты көрсетілгенін атап өтті.

"Сондықтан біз қазір бұл заңды өзгерте алмаймыз және өзгертпейміз, мен сізге бірден айтайын.Біздің міндетіміз – осы университеттің жалпы әлеуетін сақтау, бұл толыққанды санаулы зерттеу университеттерінің бірі.Қазір университет төңірегінде көптеген болжамдар бар: білім алу құны туралы. Олар шындыққа сәйкес келмейді. Және бұл өте күшті зерттеу университеті. Сондықтан мәртебеге қатысты ештеңе жасалмайды". Саясат Нұрбек

Бірақ әлі де біраз өзгерістер бар – қамқоршылар кеңесі және премьер-министр басқаратын жоғары қамқоршылар кеңесі құрылды.

"Университеттің қамқоршылық кеңесінің өзі қайта жасақталды. Енді университеттің қаржылық бөлігін жақсарту үшін де, ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту үшін де белгілі бір шаралар қабылданатын болады. Өйткені мұнда тамаша база, инфрақұрылым, зертханалар бар. Қазір, кейбір түзету шаралары міндетті түрде болады, бірақ жалпы біз бұл университеттің мәртебесі мен бағытын өзгертпейміз". Саясат Нұрбек

17 мамырда Мәжілісте өткен үкімет сағатында депутаттар Назарбаев университетін сынға алды. Осы орайда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мұның бірінші президентке қатысы жоқтығын айтып, бұл мәселені саясиландырмауды өтінді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды