6 желтоқсанға арналған күн райы болжамы жарияланды

Сурет: pixabay
Синоптиктер, сәрсенбі, 2023 жылғы 6 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Астанада – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз қар жауады. Әлсін-әлсін бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -1-3°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +14+16°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды