Шымкент тұрғыны ұлын жұмысқа орналастыру үшін алаяққа 2,5 млн теңге берген

Сурет: Zakon.kz
Тұран аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген.

Ол осы қызметі үшін сенгіш әйелден 2,5 миллион теңге алып, "ізін суытқан". Аталған жайт бойынша Тұран АПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда полицейлер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі