Жол саласы мамандарының жалақысы өседі

Сурет: Zakon.kz
Жол саласындағы жұмысшылардың айлығы аз болғандықтан білікті маман тұрақтамайды. Ал елде жыл сайын 10 мың шақырым жол жөнделеді.

Оның 3 мың 600 шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті жолдар. Өзекті мәселе Көлік министрінің Түркістан облысына сапары барысында сөз болды.

Жергілікті халықпен және осы салада еңбек етіп жүрген жұмысшылармен кездескен Марат Қарабаев жергілікті жолдарға қатысты көп сын айталатынын атап өтті.

Жиында көліктік бақылау инспекцияларының қызметі мен теміржолшылар үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселелері де қамтылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақылы жолдармен жүру тарифтерінің мөлшері туралы сөз болды. Министр Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтер ең төмен екенін айта келе, алдағы уақытта жолдағы жұмысшылардың жалақысы көтерілетінін жеткізді.

"Келесі жылдан бастап әкімдік өз есебінен 15 пайызға көтеру жоспарлап отыр. Екіншіден ол кісілер аудандарда тағы да бір қосымша жұмыс алып, соның есебінен тағы да ақшасын көтереміз деп отыр. Үшінші мәселе біздің өзіміздің әрбір жолға бөлінген ақшаны келесі жылы көтеріп, нәтижесінде айлығын көтеруге тырысатын боламыз." Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі