БҚО полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктіні аяқ киімнің ізі арқылы қолға түсірді

Сурет: Zakon.kz
7 желтоқсан күні сағат 06:45 кезінде Шаған полиция бөлімінің кезекшісіне азиат нәсілді белгісіз біреу Х.Доспанова көшесінде 47 жастағы әйелдің сөмкесін жұлып алып, оқиға орнынан ғайып болған.

Сөмкенің ішінде телефон, банк карточкасы, ақша және 6 мың теңге ақшасы болған екен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, "ізін суытпай" күдіктінің ізіне түседі.

Аталған іске барған 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдіктінің артынан аяқ киімінің іздері бойынша түседі.

Табанындағы іздер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жетелеп алып барады. Полиция қызметкерлері із бойынша 4 шақырым жүріп барған.

Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды